| 10.08.2007 |
|
2007 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
Орталық сайлау комиссиясының отырысында әзірлеуге және шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктерінің жанында құрылған сайлау учаскелеріне жеткізілуге жататын сайлау бюллетеньдерінің қосымша саны белгіленді.
Сондай-ақ ОСК кандидаттардың және сайлау комиссияларының өтініштеріне байланысты республикалық бюджет қаражатының есебінен жабылатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың көлік шығыстарының мөлшерін екі есеге ұлғайту туралы шешім қабылдады.Облыстық, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға осы мақсат үшін 30.000 теңгеден бөлінеді. Ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін 20.000 теңге сомасында бөлінетін болады.
Орталық сайлау комиссиясы сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушыларды тіркеуді жалғастырды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 10 тамызда тағы 144 адамды тіркелді. Тіркелген халықаралық ұйымдардың жалпы саны қазіргі сәтке 1066 адамды құрайды.
Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясы Ақмола облыстық сайлау комиссиясына шығып кеткен мүшенің орнына мүшені тағайындау туралы қаулы қабылдады, сондай-ақ елдің екі үлкен мегаполисі –Астана және Алматы қалалары әкімдіктері өкілдерінің атқарушы органдардың құзыретіне кіретін іс-шаралардың бөлігіндегі сайлауға дайындықтың барысы туралы есептерін тыңдалды.
Отырыстан кейін өткен брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының Басшысы барлық өңірлерде алдағы сайлауды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жеделдету қажеттілігін атап өтті. Бұл ретте тұрақты электрмен жабдықтауды және телефон байланысымен қамтамасыз етуге назар аудару қажет.
Сондай-ақ Қуандық Тұрғанқұлов барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы 9 тамызда аралық есебін таратқаны туралы хабардар етті.
«Тұтастай алғанда, ол қандай да бір қағидатты түрдегі сындарлы ескертпелерді қамтымайды, дегенмен онда сайлау науқанын ұйымдастыруда орын алған олқылықтарға кейбір нұсқаулар бар. Жекелеген мәселелер бойынша біздің тарапымыздан қосымша түсіндірулер талап етілуіне байланысты, таяу арада осы құжатқа түсіндірмелер дайындаймыз.»,- деді ОСК төрағасы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
