| 06.08.2007 |
|
2007 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
2007 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда 2007 жылғы 10 тамызда «Хабар» республикалық телевизиялық арнасының эфирінде саяси пікірсайыстар ұйымдастыру және өткізу туралы шешім қабылданды, сондай-ақ олардың Регламенті бекітілді.
Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы бойынша қаулы қабылдады, оған сәйкес мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына, егер заңда белгіленген тәртіппен кандидаттардың біреуі өз кандидатурасын алған немесе оны тіркеуден алып тастау туралы шешім қабылданған жағдайда, өз шешімдерімен сайлау бюллетенінің мәтініне өзгеріс енгізуді белгілеу құқығы берілді.
Шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушыларды тіркеу жалғасуда. Алдында тіркелген байқаушылардың қатарына тағы 167 адам қосылды. Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы тіркеген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 671 адамды құрады.
Бұдан басқа, ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңестің ұсынымдары бойынша Орталық сайлау комиссиясы Бас прокуратураға сараптама жасау үшін ЖСДП-ның «Одна страна, две судьбы», «Бір мемлекет, екі тағдыр» атты бейнероликтерін жіберді.
4 тамызда Бас прокуратура ресми жауап берді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамаларының орталығы сарапшыларының қорытындысы бойынша осы бейнероликтердің мазмұны әлеуметтік алауыздықты туғызуы мүмкін. Қазіргі уақытта Алматы қаласының ішкі істер органдары тергеу алдындағы тексеру жүргізуде. Алматы қаласының прокуроры заңға байланысты тиісті түсініктемені ЖСДП РҚБ-нің сайлау алдындағы штабының басшысына жолдады.
Бүгінгі өзінің отырысында Орталық сайлау комиссиясы «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалының «Одна страна, две судьбы», «Бір мемлекет, екі тағдыр» атты бейнероликтерді «Хабар» телеарнасының эфирінде орналастырудан бас тартуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес келуі туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
