| 06.08.2007 |
|
Азаматтар мен ұйымдардың Орталық сайлау комиссиясына түскен өтініштер туралы
Сайлау науқанының басынан бастап өткен кезең ішінде орталық сайлау комиссиясына барлығы 138 өтініш түскен. Олардан 48 өтініш 27 шілде - 2 тамыз аралығында түсті.
Жаңадан түскен 14 өтініш Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды ұйымдастыру барысында болған бұзушылықтарға байланысты. Атап айтқанда, сайлау алдындағы үгіт жүргізу ережелерін өткізудегі бұзушылықтар туралы 8 өтініш, сайлау комиссияларындағы іс-қимылдардың бұзушылығы туралы 3 және мемлекеттік органдардың іс-қимылдарындағы бұзушылық туралы тағы да 3 өтініш түскен.
Бұдан басқа, жаңадан түскен өтініштерден 12-і маслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру кезінде жол берілген тәртіп бұзушылықтарға қатысты, ал тағы да 13 өтініш сайлау заңнамасының нормалары мен ережелерін түсіндіру туралы өтінішті қамтиды.
4 тамыздағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы азаматтар мен ұйымдардың 125 өтініші мен арызын қарады.
5 шағымды қарау жөніндегі материалдар мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді. 4 – Прокуратураға, 1-і – Ішкі істер министрлігіне жолданды.
Бір өтініш арызданушыға жауап беру үшін Ақмола сайлау комиссиясына, тағы да үшеуі Астана қаласының сайлау комиссиясына жіберілді.
2007 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» РҚБ төрағасы Ж.А.Тұяқбайдың оның сайлау құқықтарын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқықтарын бұзушылықтың орын алып отырғаны туралы өтініш түсті.
«Казахстанская правда» газеті редакциясының басшысы берген деректерге, ресми жазбаша түсініктемелерге сәйкес, Арыздың мәні бойынша Ж.А. Тұяқбайдың интервьюінің мәтіні «Казахстанская правда» газетінің электрондық адресіне 2007 жылғы 26 шілдеде 17 сағат 03 минөтте, яғни газеттің нөмірі баспаханаға берілгенше дейін бірнеше сағат бұрын жіберілген.
Бұрын, 2007 жылғы 30 маусымда, «Казахстанская правда» газеті үгіт материалдарының мәтіндерін газет редакциясына жариялаудың жоспарланған күніне дейін 3 күн бұрын газет редакциясына беру қажеттігі көзделген, баспа алаңын беру төлемақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ақпараттық хабарлама жарияланған болатын.
Осылайша, интервьюді 2007 жылғы 27 шілдеде жариялау үшін оны газеттің жарнама бөліміне 24 шілдеден кешіктірмей ұсыну қажет еді.
Осы шарттарды орындамаудың салдарынан, интервью жеребе хаттамасымен бекітілген күні емес, одан кейінгі келесі күні - 2007 жылғы 28 шілдеде жарияланған.
«Казахстанская правда» газетінің редакциясы редакциялаған Ж.А. Тұяқбайдың интервьюін 28 шілдеде жариялау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның қолданысына жатпайды.
Бірақ, мұндай жағдайда, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін бұзушылық орын алуы мүмкін, тиісті материалдарды Орталық сайлау комиссиясы оларды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берді.
4 тамызда Бас прокуратура «Казахстанская правда» газеті редакциясының басшылығына заңнаманың нормаларына түсініктеме берді және құқықтық салдарларды болдырмау үшін Конституцияның және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұлжытпай сақтауды қамтамасыз ету ұсынылды.
Сондай-ақ 2007 жылғы 30 шілдеде Орталық сайлау комиссиясына ЖСДП РҚБ-нің Орталық сайлау алдындағы штабы басшысы О.Ә. Жандосовтан арыз түсті, онда Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заң факультеті деканының қызметін атқаратын А.М. Жүнісовті шығару өтініші болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.С. Садықов «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелген, ал сайлау туралы заңның 20-бабының 12-тармағына сәйкес кандидаттарда тікелей бағыныста тұрған адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларында бола алмайды.
Орталық сайлау комиссиясы осы өтінішті қарады. Орталық сайлау комиссиясына түскен материалдар бойынша Т.С. Садықов 2007 жылғы 18 шілдеден бастап еңбек демалысында, ал А.М. Жүнісовтің өзі 2 шілдеден бастап демалыста және оның міндеттері факультет деканының орынбасарына жүктелген.
Бұдан басқа, Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде республика бірыңғай округ болып табылады, осыған байланысты осы сайлаудың тікелей ұйымдастырылуын Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
