| 08.08.2007 |
|
2007 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.
Осы сәттен бастап олар Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың мәртебесіне ие болды және ұлттық-мәдени орталықтары мен өңірлердегі Қазақстан халқы шағын Ассамблеяларының өкілі болып отырған осы кандидаттар олардың мүдделерін ескере отырып, сайлауалды бағдарламаларын қалыптастыруға кірісе алады.
Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан байқаушыларды тіркеуді жалғастырды. 8 тамызда тағы 251 байқаушыны тіркеді.
Тіркелген халықаралық байқаушылардың жалпы саны қазіргі уақытта 922 адамды құрайды.
Бұдан басқа, Орталық сайлау комиссиясы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясына шығып кеткен мүшенің орнына мүшені тағайындау туралы қаулы қабылдады.
Отырыстан кейін өткен брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының Басшысы 8 тамызда Орталық комиссиясының сайтында «Сайлаушыға» деген бөлімде әрбір сайлаушы 2007 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар қалыптастырған сайлаушылардың тізімдерінде өз тегінің болуын тексеру мүмкіндігі берілетіні туралы барлық қатысушыларды хабардар етті.
Сайтта арнайы іздестіру нысандарда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе жеке басын куәландыратын нөмірді енгізе отырып, сайлаушы Қазақстан Республикасының сайлаушылар-азаматтардың бірыңғай электронды тізілімінің деректер қорына сұрау жасай алады.
Егер ЖСН немесе жеке басын куәландыратын нөмірі енгізілген сайлаушы табылған жағдайда, табылған сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, ол тіркелген сайлау учаскесінің нөмірі және мекенжайы туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер іздестіру оң нәтиже бермеген жағдайда, іздестіру талаптардың дұрыс енгізілуін (ЖСН немесе жеке басын куәландыратын нөмірдің санын) тексеру немесе тіркелу орны бойынша тиісті учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасау ұсынылады, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беруге 20 күн қалғанда, яғни 2007 жылғы 28 шілдеде сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкімдіктер сайлау учаскелеріне берді, олар қазіргі уақытта сайлаушыларды нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп отыр.
Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы тізімдерге сайлаушылардың қол жеткізуін барынша жеңілдетуге және қазақстандықтардың олардың әрқайсысы туралы деректердің тиісті сайлаушылардың тізімінде болуына уақтылы қамдануына жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
