| 13.08.2007 |
|
2007 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
Әзірлеуге және Орталық сайлау комиссиясының отырысында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында құрылған сайлау комиссияларына жеткізілуге жататын сайлау бюллетеньдерінің қосымша санын белгілеу туралы қаулы қабылданды. Учаскелердегі сайлаушылардың жалпы санынан бір пайыздық резервті қоса алғанда, бұл сан 3795 бюллетеньді құрайды.
Қосымша бюллетень санын жолдау Мұнайлы ауданы сайлау науқаны басталғаннан кейін құрылуына байланысты болып отыр және әкімшілік қалыптасатын жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде онда жаңа жұмыс орындары пайда болды, сонымен қатар ол көші-қон процестерін белсендіруге ықпал етті.
Бұдан басқа, ОСК «2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауын және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауын өткізу кезінде электронды сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізді.
«Сайлау» ААЖ пайдаланылатын сайлау учаскелерінің тізбесі нақтыланады. Сайлаушылар электронды тәсілмен дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің жалпы саны 1512 учаскелерді құрайды.
ОСК отырысында «Қазақстан Республикасы ОСК инженерлік-техникалық орталығы» РМК директорының міндетін атқарушының алдағы сайлауға «Сайлау» ААЖ-нің дайындығы туралы есебі, сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы өкілдерінің сайлау учаскелерін үздіксіз энергиямен жабдықтаумен және байланыс желілерімен қамтамасыз ету туралы есептері тыңдалды.
ОСК-нің Басшысы қатысушыларды 12 тамызда Орталық сайлау комиссиясы сайлауды байқау жөнінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның аралық есебіне Түсініктемелер мен ескертпелер жариялағанын хабардар етті.
Алдында атап өтілгендей, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының есебінде сайлау науқанын ұйымдастыруда орын алған олқылықтарға нұсқаулар болған. Бұл сайлаудың құқықтық базасының кейбір аспектілеріне, дайындық жұмысына, сайлауды әкімшілендіруге, ұйымдастыруға және үгіт науқанының барысына, БАҚ-тың қызметіне қатысты.
Есептің көптеген ережелері ОСК тарапынан егжей-тегжейлі түсініктемелерді талап етті, өйткені оларға негізі болған фактілерді, ОСК-нің пікірі бойынша, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сарапшылары дәл пайымдамаған.
Осы құжаттың мәтінімен ОСК-нің ресми веб-сайтында www.election.kz танысуға болады
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
