| 27.08.2007 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді
2007 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес 18 тамызда жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша жасырын дауыс беру арқылы сайланған, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын, сондай-ақ 20 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын тіркеді.
Барлық тіркелген депутаттарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сай Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
