| 23.01.2019 |
|
ҚР ОСК аппараты бөлімінің меңгерушісі Ж.Шолақов Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының халықаралық ынтымақтастық және протокол бөлімінің меңгерушісі Жандос Шолақов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Кәсіби даму институтында дәріс оқыды.
«Қазақстан Республикасының сыртқы саяси күн тәртібінің маңызды мәселелері» семинарының шеңберінде мемлекеттік органдарда халықаралық байланыстарды жүзеге асыру функцияларын орындайтын мемлекеттік қызметшілер үшін «Сайлауларды халықаралық бақылау» тақырыбына интерактивті пікірталас өткізді.
Ортсайлауком өкілі халықаралық ынтымақтастық аясындағы ҚР ОСК қызметінің бағыттары, шетел мемлекеттеріндегі сайлауларға бақылау жүргізу үшін халықаралық ұйымдар құрамында Қазақстан Республикасынан байқаушыларды жіберу кезіндегі тәсілдері туралы айтты. Сонымен қатар 2017 жылғы 15 қазанда Қырғыз Республикасы Президенті сайлауы барысында сайлауларды бақылау жөніндегі Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) қызметінің үлгісінде сайлау процесіне бақылау жүргізудің қағидалары мен практикалық ерекшеліктері айқындалды.
Интерактивті пікірталас нысаны семинар қатысушыларының қызығушылығын, сондай-ақ халықаралық бақылау мәселелеріндегі дәріс оқушының практикалық тәжірибесін көрсетті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
