| 24.12.2018 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ ҚР Орталық сайлау комиссиясының ҚР жоғары оқу орындары Қауымдастығымен кездесуі
2008 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Орталық сайлау комиссиясының ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының, республиканың ұлттық университеттерінің және жоғары оқу орындарының басшылығымен өзара іс-әрекет туралы құжаттарға қол қоюмен жалғасқан кездесуі болды.
Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардың электораттық-құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде жаңа жүйелік тетіктерді іске асыруда, ерекше назар екі бағытқа аударылған:
– сайлау саласын кәсібилендіруде жетекші буын ретінде сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту;
– білім берудің барлық деңгейінде үздіксіз процесс ретінде болашақ және жас сайлаушыларға электораттық білім беру.
Ең басты жетістік – осы бағыттарды жүзеге асыру үшін құқықтық негіздердің қабылдануы. 2017-2018 жж. Сайлау заңнамасына толықтырулармен барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын электораттық оқытуды жергілікті бюджет қаражатын тарту арқылы ұйымдастыру үшін құқықтық база («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы, Бюджеттік кодекс, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң) қаланды.
2017 жылғы 14 желтоқсанда жас және болашақ сайлаушыларды электораттық оқыту жөнінде ОСК мен Білім және ғылым министрлігінің өзара іс-әрекеті туралы меморандумға қол қойылды. Құжат білім берудің барлық деңгейінде, оның ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде, электораттық ағартуды енгізу бойынша бірлескен қызметті қарастырады. Меморандум аясында оқу-тәрбие процесіне жастарды электораттық-құқықтық оқытудың түрлі нысандарын (пікірсайыстар, конкурстар, олимпиадалар, жастардың өзін-өзі басқаруының нысандарын дамыту) енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Болашақ сайлаушыларды құқықтық тәрбиелеу шеңберінде мектеп оқушыларында сайлау әрекеттерінің тәжірибелік-бағдарлық білімі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында әзірленген «Мектеп президентін сайлау» пилоттық жобасы табысты жүзеге асырылды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сараптамасы негізінде аталған жоба Білім және ғылым министрлігімен республиканың барлық мектептеріне базалық ретінде таратуға ұсынылды. Жоба Ортсайлаукомның ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеуімен өткізілген Астана мектептері оқушыларының өзін-өзі басқарудың қалалық Көшбасшысын - «Қала Ұланбасы» сайлауда (а.ж. 28 қыркүйек) және Халықаралық жастар жазғы мектебінің президентін сайлауда (Тараз қ., а.ж. маусым) жалғасын тапты.
Ғалымдардың, университеттердің оқытушылары мен ғылыми ұйымдардың қатысуымен Ортсайлауком жоғары оқу орындары студенттері үшін Сайлау құқығы мен сайлау процестері мәселелері бойынша курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптар тізбесін әзірледі. Бұл Тізбені Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық жоғары оқу орындарына ұсынды.
2018 жылғы 28 ақпанда ҚР ОСК мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы сайлау процесін ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша бірлескен жұмысты көздейтін электораттық оқытуды ұйымдастыру бойынша өзара іс-әрекет туралы Меморандумға қол қойды. Екі жылғы ынтымақтастық кезінде ҚР ОСК-ның қатысуымен 50 лекция, семинар мен вебинар өткізілді, республикалық және аумақтық дейгейдегі 3600-ден астам мемлекетік қызметші оқытылды.
Ортсайлауком студенттердің сайлау тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, жастардың өзін-өзі басқару органдарына сайлау процестерін өткізу, жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін сарапшылық қызметке тарту жөніндегі және т.б. жобаларды іске асыру шеңберінде қазақстандық бірқатар жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас орнатқан.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ОСК мен ҚР ЖОО Қауымдастығы арасында өзара іс-әрекет және ынтымақтастық туралы Меморандумға, сонымен қатар Ортсайлауком мен республиканың жоғары оқу орындарының арасындағы келісімдерге қол қойылды.
Бұл келісімдердің мақсаты Ортсайлаукомның жастардың және болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін және электораттық сауаттылығын арттыру бойынша бірлесе және келісілген қызметі, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы түрде қатысуы, сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін арттыру болып табылады.
Келісімдер келесідей бағыттарды көздейді:
– ҚР ОСК мүшелері мен ҚР ОСК аппараты қызметкерлерінің Қауымдастық өткізетін электораттық білім беру жөніндегі оқыту іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамның ҚР ОСК өткізетін сайлау процесіне қатысушыларды оқытуына және өзге де іс–шараларына қатысуы;
– сайлау құқығы және сайлау процесі тақырыбын жоғары оқу орындары ұсынған рефераттық, курстық, диломдық және жоғары оқу орындарының басқа да зерттеу жұмыстарының тақырыптар тізбесіне қосу;
– сайлау құқығының және сайлау процесінің мәселелері бойынша студенттердің, магистранттардың және докторанттардың курстық және дипломдық жұмыстарына бірлесе басшылық етумен қоса, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру;
– ҚР ОСК аппаратында студенттердің (магистранттардың, докторанттардың) тәжірибесін (тағылымдамасын) ұйымдастыру және өткізу;
– жоғары оқу орындарының өзін-өзі басқару ұйымдарына сайлау процестерін ұйымдастыру;
– жас сайлаушыларды электораттық-құқықтық тәрбиелеудің жаңа бағыттарын әзірлеу.
Жоғары оқу орындарының әлеуетін сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған облыстардың және қалалардың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлескен жұмысына сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын каскадтық әдіспен оқытуды іске асыру қарсаңында тартуда болашағы зор.
Ортсайлауком мен Жоғары оқу орындары Қауымдастығының өскелең ұрпақты электораттық ағарту және құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі бірлескен қызметі «Рухани жаңғыру» қоғамдық келісімді жаңғырту бағдарламасының шеңберінде жастарға патриоттық тәрбие беруді іске асыруда тәжірибелік жазықтық болады.
Жоғары оқу орындарын электораттық тәрбиелеу жөніндегі жобаларды іске асыруға тарту ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы етіп жариялау туралы бастамасының шынайы толысуы болады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


