| 15.08.2007 |
|
2007 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
2007 жылғы 15 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөнінде сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті және әзірленуге жататын сайлау бюллетеньдерінің қажетті санын белгіледі.
Барлық бюллетеньдер Астана қаласының сайлау комиссиясына 2007 жылғы 18 тамыздан кешіктірмей жеткізіледі.
Бұдан басқа, ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру сағат 11.00-де басталады және Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысатын барлық сайлаушылар дауыс беріп болған соң аяқталады.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауда дауыс беру кезінде сайлау бюллетеньдерінің пайдалануы туралы қаулы қабылдады.
ОСК Басшысы бүкіл сайлау бюллетеньдері, сондай-ақ сайлаушылардың электронды карточкалары қатаң есепке жататындығына және дауыс беру процесінде сайлау комиссиясының мүшелері оларды сайлау учаскесінен тыс шығаруға болмайтындығы туралы сайлаушыларды ескерту қажеттілігіне назар аударды.
Болған брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы 14 тамызда № 2 аралық есепті таратқанын хабардар етті.
№ 1 аралық есепті жариялаған уақыттан бастап ТМД-дан байқаушылар Миссиясы сайлауалды үгітті жүргізу мониторингіге, сайлау процесіне байланысты шағымдар мен өтініштердің қаралуын талдауға көңіл бөлді.
Тұтастай алғанда, ТМД байқаушыларының бағалауы бойынша сайлауалды науқаны жеткілікті сыпайы өтуде.
Сондай-ақ республикада барлық саяси партиялар үшін сайлауалды үгітті жүргізуге тең жағдайлар жасауға бағытталған шаралардың қабылдануы оң бағалануда.
Сонымен қатар, ТМД байқаушылары сайлауалды үгітке байланысты бірқатар бұзушылықтарды атап және сайлау науқанын ұйымдастыруда орын алған олқылықтарға назар аударып отыр.
Қазіргі уақытта байқаушылар анықтаған бұзушылықтарды мүмкіндігінше жою, сондай-ақ олар назар аударған сайлау процесін ұйымдастырудағы проблемаларды шешу үшін ОСК-да есептің ережелері зерделенуде.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
