| 13.12.2018 |
|
ҚР ОСК жанындағы мүгедектердің құқықтарын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Грузия ОСК өкілдерімен кездесуі өтті
2018 жылғы 12 желтоқсанда Грузияның Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы мүгедектердің құқықтарын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жастар ұйымы» ҚБ президенті Пархат Юсупджановтың Грузия Орталық сайлау комиссиясының өкілдері – Үйлестіру, жоспарлау және есеп алу бөлімінің басшысы Сопио Сичинава және осы ведомствоның бас мамандары Кетеван Варданашвили мен Ивета Челишвилимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Пархат Юсупджанов Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ ҚР ОСК мен қоғамдық бірлестіктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу және қабылдау туралы күш-жігерін атап өтті.
Грузияның Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Пархат Юсупджановпен Грузияның Орталық сайлау комиссиясының мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін сайлауға қолжетілділікті жақсарту жөніндегі қызметімен бөлісіп, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өздерінің сайлау құқығын іске асыру үшін ұсынылатын қызметтерді талқылады.
Бұл кездесуге Пархат Юсупджанов бастамашылығын жасаған және сайлау процесіне мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тарту туралы Грузияның Орталық сайлау комиссиясының тәжірибесімен алмасуға бағытталған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
