| 12.12.2018 |
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ БОЛДЫ
2018 жылғы 12 желтоқсанда К.Петровтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы болды.
Отырыста екі мәселе қаралды:
- Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдартуралы;
- жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы 28 қазандағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын іске асыруы туралы.
Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Омарбекованың, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықөкілдерінің, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері орынбасарларының, кеңесшілерінің, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауды үйлестіру басқармалары басшыларының, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарөкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасыныңорынбасары К. Петров Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенциясы адам құқықтарын қорғау саласындағы басты құжаттардың бірі болып табылатынын атап көрсетті. Осыған сәйкес 2018 жылы сайлау заңнамасына мүгедектердің сайлау құқықтары бойынша маңызды толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, олар учаскелік сайлау комиссияларының мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау, жергiлiктi атқарушы органдардың сайлау комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыста жәрдемдесуі және дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз етуі мәселелерінеқатысты болды.
Отырысқа қатысушылардың қарауына ұсынылған Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдардың жобасын Орталық сайлау комиссиясының жұмыс тобы әзірледі,жұртшылықпен мүдделі тұлғалардың танысуы үшін Ортсайлаукомның сайтында орналастырылды және алдын-ала аумақтық сайлау комиссияларына, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің кеңесшілеріне жіберілді.
Осы ұсынымдарды қабылдаудың мақсаты-сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі азаматтары үшінолардың сайлаушылар, сайланбалылауазымдарға, сондай-ақ сайлау комиссиялары құрамдарына кандидаттар ретіндегі құқықтарын іске асыруға ықпал ететін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Екінші мәселе бойынша сөз сөйлегендер жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы 28 қазандағы шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлаудан кейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы мәлімдеді.
Кеңейтілген отырысқа қатысушыларменпікір алмасу барысында өңірлерден қосымша ұсыныстар келіп түсті, олар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ұсынымдарды қабылдау кезінде ескерілетін болады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



