| 07.12.2018 |
|
Қазақстанның өкілдері Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға қатысады
2018 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының 11 өкілі Армения Республикасының Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын байқауға қатысады, оның екеуі Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруымен, алтауы - ТМД байқаушылар миссиясының құрамында, екеуі -ТМД Парламентаралық Ассамблеясы желісі бойынша және біреу - ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында.
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруы бойынша сайлауды байқауға қатысады.
ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР ОСК аппаратының қызметкерлері, «ҚР ОСК ИТО» РМК және Қостанай облысы өкілдері қатысады.
Қазақстан Республикасының өкілдері Ереванда, сондай-ақ Армения Республикасының Тавуш және Армавир облыстарында байқауды жүзеге асыратын болады.
2018 жылғы 9 желтоқсанда Армения Республикасында Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлау болды. 2017 жылғы сайлаудың қорытындылары бойынша қалыптасқан республика Парламенті өз жұмысын Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттары 1 қарашада арнайы отырыста премьер-министрді екінші рет сайламағаннан кейін тоқтатты. Кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа Армения Президенті ел Конституциясының талаптарына сәйкес қол қойды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
