| 07.12.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина конференцияға қатысты
2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Хамитқызы Баймолдина Новосибирск қаласында өткен «Сайлау құқығындағы жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіру: ресейлік және шетелдік тәжірибе» атындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияны Новосибирск облысының сайлау комиссиясы мен Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетімен және «Ресей заңгерлер қауымдастығы» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Новосибирск өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып ұйымдастырды және Ресей Федерациясының сайлау жүйесінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізді.
Аталған конференцияда З.Х. Баймолдина бірінші сессиясында «Сайлау заңнамасына жаңа енгізілімдердің аясында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыбында баяндама жасады және конференцияның қатысушыларына Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасындағы соңғы өзгерістермен бөлісті.
Конференция жұмысы барысында сайлау құқығы мен сайлау процесі, субъективті сайлау құқықтарын қорғау, оның ішінде РФ азаматтарының сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктері мәселелері, өкілдік билік органдарын қалыптастыру кезінде түрлі сайлау жүйелерін қолдану мәселелері, сайлау алдындағы үгіт, қауқары кем адамдардың сайлау құқықтары, әскери қызметшілердің дауыс беруі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
