| 03.11.2007 |
|
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қ Р парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясыныңқорытынды есебін таратты
2007 жылғы 30 қазанда ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 2007 жылғы 18 тамызда болған Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қорытынды есебін таратты.
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен қалыптасқан өзара тиімді әріптестік қатынастардың деңгейін жоғары бағалайды және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудағы үрдісті атап көрсететін осы құжатқа жан-жақты талдау жүргізуде.
Атап айтқанда, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары сайлауға қатысқан саяси партиялар өз сайлау науқандарын кеңінен және әкімшіліктің араласуынсыз өткізді, ал бұқаралық ақпарат құралдары барлық саяси партиялардың қызметін жария етті деп есептейді. Көптеген теледидарлық саяси пікірталастарды ұйымдастырумен және өткізумен қатар бұл сайлаушылардың әр түрлі саяси көзқарастармен және бағдарламалармен танысуын қамтамасыз етті.
Орталық сайлау комиссиясының сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, сайлау процесіне қатысушыларды оқыту, сайлау процесінің ашықтығын арттыру, сайлауға қатысушы партияларға өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын сайлаушылар арасында насихаттауы үшін қосымша мүмкіндіктер беру жөніндегі күш-жігері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушыларының назарынан тыс қалмады.
Сонымен бір уақытта ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қорытынды есебінде, сайлау процесіндегі кейбір үрдіске қарамастан, сайлау алдындағы кезеңде және дауыс берудің кейбір қырлары бойынша сайлау ЕҚЫҰ алдындағы бірқатар міндеттемелерге сәйкес келмеді деп атап көрсетілген.
Осы тұжырымның негіздері ретінде құжатта сайлау науқанын ұйымдастыруда, атап айтқанда сайлауды әкімшіліктендіруге, бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт науқаны кезеңіндегі қызметіне, дауыстарды санау мен сайлау қорытындыларын шығаруға қатысты олқылықтардың орын алғаны көрсетіліп отыр. Сондай-ақ сайлаудың заңнамалық базасын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар ұсынымдар ұсынылған.
Сонымен бірге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қорытынды есебінде қамтылған кейбір қағидалар мен қорытындылар бір мағыналы емес және олар бойынша Орталық сайлау комиссиясының өз пікірі бар.
Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшылығына, сондай-ақ оның барлық мүшелері мен сарапшыларына жүргізген жұмысы үшін шынайы алғысын білдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдіреді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
