| 18.10.2007 |
|
2007 жылғы 18 қазан күні ОCK ҚР Орталық сайлау комиссиясының жанындағы үйлестіру әдістемелік кеңесінің бірінші отырысы өтті
2007 жылғы 18 қазан күні Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және халықты құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Азаматтық білім беру және сайлау процесі саласында қызмет ететін мемлекеттік органдардың, халықаралық, мемлекеттік емес және басқа да ұйымдардың өкілдерінен тұратын бұл Үйлестіру әдістемелік кеңесі сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін дамытуға, сондай-ақ сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын жоғарылатуға бағытталған тұгырнамалар мен бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсене араласуды мүдде тұтады.
«Басты мақсат – барлық сайлау процесіне қатысушы субъектілерді үздіксіз әрі мақсатты құқықтық оқытуды ұйымдастыруда болып отыр»,- деп атап өтті Үйлестіру әдістемелік кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.
Үйлестіру әдістемелік кеңесі қызметі бағыттырының бірі Орталық сайлау комиссиясының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарының құқықтық білім беру сұрақтары бойынша тақырыптық дөңгелек үстелдерін, семинарларын, кеңестері мен басқа да шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу болып табылады. Бұл ретте, Үйлестіру әдістемелік кеңесінің мүшелері осы жылдың 1-ші қарашасында Алматы қаласында өтетін «Қазақстандағы сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысатын болады. Бұл шара Орталық сайлау комиссиясының БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлескен «Қазақстандағы сайлаушылардың электоралдық мәдениетін дамыту» жобасы ауқымында ұйымдастырылып отыр.
Жобабен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері үшін сайлау құқығы бойынша бірінші ұлттық сайыс өткізуге де қаржы бөлу көзделген. Сайыс 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың сәуірі аралығында өтеді деп жоспарлануда.
Отырыста Үйлестіру әдістемелік кеңесінің 2008 жылғы І-ші тоқсандағы жұмыс жоспарының жобасы талқыланды. Жоспар Үйлестіру әдістемелік кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, бекітілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
