| 29.11.2018 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
2018 жылғы 29 қарашада Б.Имашевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.
Екі мәселе қаралды: 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы және Шымкент қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы.
Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары төрағаларының, төрағалары орынбасарларының және хатшыларының, басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілді.
Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев сайлау комиссияларының жаңа құрамдары 2019 жылдың бірінші тоқсанында қазіргі құрамдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қалыптасуда екенін атап көрсетті. Комиссиялардың жаңа құрамдарын сайлау бойынша мәслихаттардың сессияларын 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін өткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның күшіне енген түзетулеріне сәйкес комиссиялардың құрамдарын қалыптастыру тәртібі реттеліп, қолданыстағы құқықтық кемшіліктер жойылды.
Алғаш рет аумақтық сайлау комиссияларының жаңа құрамдарында төрағалар немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ хатшылар өздерінің өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асырады.
Өзгерістер учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамына да қатысты болды. Егер бұрын барлық сайлау комиссиялары жеті мүше құрамында құрылған болса, енді тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын сайлаушылардың санына қарай айқындайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабына сәйкес аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмауға тиіс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар жаңа сайлау учаскелерін құру, кейбір учаскелерді тарату бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізді, аумақтық сайлау комиссиялары сайлау комисияларының жаңа құрамдарын құрып, олардың мүшелерінің саны айқындады.
Отырыс барысында оның қатысушыларының назарына ұсынылған 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдардың жобасын талқылау өткізілді.
Ұсынымдар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгерістерді ескере отырып әзірленді және сайлау комиссияларын құрудың барлық кезеңдерін қамтиды: құрамдарды қалыптастыруды жариялау рәсімі; комиссиялардың құрамдарына кандидатуралар бойынша ұсыныстар жинау; комиссиялардың құрамдарына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру; мәслихаттардың сессияларын өткізу; сайлау комиссияларының алғашқы отырыстарын өткізу.
Пікір алмасу нәтижесі бойынша отырыстың барлық қатысушыларымен келісілген ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қаланың санатына жатқызылуына байланысты оның аудандық аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «Шымкент қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулыны бірауыздан қабылдады.
Аталған қаулымен Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында төрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құрылды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




