| 19.11.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі Б.С. Мелдешовтың Қызылорда облысына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 19 қарашада Қызылорда облысы әкімі аппаратында қала және аудан әкімдері аппараттарының басшыларының, мәслихат хатшыларының, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының, қала және аудан әкімдері аппараттарының сайлау базасын қалыптастыруға жауапты қызметкерлері мен электораттық оқытудың тренерлерінің қатысуымен «ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ мен кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс жұмысына ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері: ҚР ОСК мүшесі Б.С. Мелдешов, сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас консультанты Б.Д.Дармұрзина, ҚР ОСК "Инженерлік-техникалық орталығы" РМК-ның бас маманы А.Ф. Қалакова қатысты.
Жиналыс семинар нысанында облыстың барлық аудандарымен бейнебайланысқа онлайн қосылу режимінде ұйымдастырылды. Оның барысында Бақыт Мелдешов Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар: пропорционалды негізде жергілікті мемлекеттік өкілдік органдарының (мәслихаттардың) қалыптасуы, сайлау процесінің жеке құқықтық нормалары мен институттарын жетілдіру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етудің тәжірибелік мәселелері туралы баяндады.
Б.Дармұрзина Бюджеттік кодекске сайлау процесінің қатысушыларын оқытуға жергілікті бюджет шығыстарына қатысты, сондай-ақ «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерге құзыреттілікті үлестіруге қатысты толықтыруларды жүзеге асыру туралы түсінік берілді.
А.Қалакова Қызылорда облысы бойынша сайлаушылар тізімі туралы мәліметтерді талдап, ІТ-технологияларды пайдалану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектілендіру және нақтылау туралы айтып берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
