| 01.11.2007 |
|
2007 жылғы 1 қарашада Алматы қаласында дөңгелек үстел өтті.
2007 жылғы 1 қарашада Алматы қаласында «Қарғалы» отель-санаторийінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы іске асырып отырған «Қазақстандағы халықтың электораттық мәдениетін дамыту» жобасының шеңберінде өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысында халықтың сайлау процесі саласындағы құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық қоғам ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, халықаралық және басқа да ұйымдардың сайлаушылардың құқықтық мәдениеті мен сайлау ұйымдастырушылардың және басқа да сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби даярлығын арттыру саласындағы ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары талқыланды.
Ортсайлауком мүшесі Татьяна Охлопкова мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Тұрақты өкілінің орынбасары Недера Стелиана құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөздерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева, «Республикалық тәуелсіз байқаушылар желісі» қауымдастығының президенті Тасқын Рахымбек, «ҚР ОСК ИТО» РМК директорының орынбасары Қанат Арсақбаев және басқалар дөңгелек үстел тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын атап көрсетті. Жанданған пікірталас барысында Қазақстандағы сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде әр түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша сайлау ұйымдастырушылардың кәсіби даярлығын арттыру және Қазақстан Республикасының халқын құқықтық оқыту жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
