| 20.11.2018 |
|
Қазақстанның Ортсайлаукомы сайлауды халықаралық байқаушыларға арналған семинар-тренинг өткізді
2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисімен бірге халықаралық байқаушыларға арналған «Сайлау алдындағы үгіт пен сайлау күнін бұқаралық ақпарат құралдарының жария ету ерекшеліктерінің мониторитнгі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының орынбасары Константин Петров семинар-тренингке қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі басшысының орынбасары Диана Дигол өз сөзінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық мемлекеттер жалпыға бірдей және тең сайлау құқығын демократиялық сайлау процесінің негізгі қағидаты ретінде мойындайтынын, оны сақтауға кепілдік беру міндеттемесін алғанын, сондықтан ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлауды байқауға көп көңіл бөлетінін атап көрсетті.
ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина өз сөзінде Қазақстан Республикасында сайлау алдындағы үгітті және сайлау күнін құқықтық реттеу новелларын атап өтті.
Семинар-тренинг шеңберінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау жөніндегі кеңесшісі Радивое Груичтің «Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау процесіндегі рөлі» тақырыбында және ЕҚЫҰ сарапшысы Растислав Кузелдің «Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауды жария етуін реттеу және сайлауды байқау жөніндегі халықаралық миссияларда бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің практикалық аспектілері» тақырыбында тұсаукесерлері өтті.
Сонымен қатар сайлауларды байқауға қатысқан ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері Ресей Федерациясындағы, Әзербайжан мен Грузиядағы сайлауды байқауға қатысу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының мониторингі мәселелері бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-тренингтің жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі және олардың сайлауды жария етуі, сондай-ақ сайлау алдындағы үгіт кезеніңде БАҚ мониторингінің мәселелері ерекше қызығушылық тудырып, жемісті талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




