| 16.11.2018 |
|
ҚР Ортсайлаукомы мүшесі З.Х. Баймолдинаның Өскемен қаласына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 16 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің: Комиссия мүшесі Зауреш Хамитқызы Баймолдинаның, сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы И.Ч. Беркімбайдың және «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК-ның бас маманы А.Ф. Калакованың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинарда «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 29 маусымдағы Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға, сондай-ақ сайлаушылар мен сайлау учаскелері туралы мәліметтерді қалыптастыру тәртібі, электораттық оқыту мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы м.а. А.Ю. Грищенко, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, әкімдер аппараттарының басшылары, облыстың жеті өңірінен мәслихаттар хатшылары, сертификатталған жаттықтырушылар қатысты. Сондай-ақ селекторлық режимде семинарға облыстың он екі шалғай ауданы мен Курчатов қаласының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х. Баймолдина мәслихаттарға қатысты пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілгеніне, аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелері институтының құрылғанына, сондай-ақ үгіт жүргізудің жаңа ережелеріне ерекше тоқтала отырып, сайлау туралы заңнаманың новеллаларын баяндады.
А. Калакова Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлаушылар туралы мәліметтерді талдап, ІТ-технологияларды қолдану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектендіруді және нақтылауды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар туралы айтып берді.
Сол күні жұмыс сапарының шеңберінде Ортсайлауком өкілдері Ұлан және Глубокое аудандарын аралады, оларда аудандар әкімдермен, әкімдер аппараттарының басшыларымен, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті, онда ЖТ МДҚ деректерінің негізінде сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Жоғарыда аталған аудандарға барған кезде әкімдер аппараттарының қызметкерлерімен сайлаушылардың тізімдері бойынша қате деректерді жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру бойынша «Жеке тұлғалар есебі» ақпараттық жүйесін әзірлеуші, «Рейтинг» ЖШС директоры И.А. Новохатский және облыс әкімі аппараты ақпараттық технологиялар бөлімінің сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыруға жауапты бас инспекторы Қ.Ж. Тоқмолдинамен кездесу болды, олар ҚР Ортсайлаукомы өкілдеріне осы ақпараттық жүйенің жұмысын көрсетті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




