| 15.11.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі А.Ж. Ихдановтың Манғыстау облысына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 15 қарашада Маңғыстау облысы әкімі аппаратында қала және аудан әкімдері аппараттарының басшыларының, мәслихат хатшыларының, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының, қала және аудан әкімдері аппараттарының сайлау базасын қалыптастыруға жауапты қызметкерлері мен электораттық оқытудың тренерлерінің қатысуымен "Сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру мәселелері бойынша жиналыс болды. Жиналыс жұмысына ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері: ҚР ОСК мүшесі А.Ж. Ихданов, сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Д.Т. Ысқақов, ҚР ОСК "Инженерлік-техникалық орталығы" РМК директорының орынбасары А.Т. Елімсарина қатысты.
Жиналыс семинар нысанында ұйымдастырылып, оның барысында Ақылбек Ихданов пен Дәурен Ысқақов Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар: пропорционалды негізде жергілікті мемлекеттік өкілдік органдарының (мәслихаттардың) қалыптасуы, сайлау процесінің жеке құқықтық нормалары мен институттарын жетілдіру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етудің тәжірибелік мәселелері туралы баяндады.
А.Елімсарина Маңғыстау облысы бойынша сайлаушылар тізімі туралы мәліметтерді талдап, ІТ-технологияларды пайдалану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектілендіру және нақтылау туралы айтып берді.
Сонымен бірге Бюджеттік кодекске сайлау процесінің қатысушыларын оқытуға жергілікті бюджет шығыстарына қатысты, сондай-ақ «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерге құзыреттілікті үлестіруге қатысты толықтыруларды жүзеге асыру туралы түсінік берілді.
Сол күні ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Ақтау қаласының қалалық сайлау комиссиясымен және Маңғыстау облысының Мұнайлы және Қарақия аудандарына барып аудан әкімдерімен кездесу өткізді, онда сайлау заңнамасының новеллалары, соның ішінде сайлаушылардың тізімдерін жасау жөніндегі жұмысты жетілдіру мәселелері талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы





