| 28.03.2008 |
|
2008 жылғы 28 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Сайлау процесіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
2008 жылғы 28 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Сайлау процесіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.
Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ғылыми интеллигенцияның өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Қазақстан Ремпубликасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Т. Тұрғанқұлов Ортсайлаукомның бастамасымен ұйымдастырып отырған дөңгелек үстелдердің негізгі мақсаты сайлау туралы заңнамаға барлық сайлауға қатысушы тараптардың мүдделерін ескеретін және елеміздің сайлау жүйесін одан әрі демократияландыруға ықпал ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.
ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Орталығы Басшысының орынбасары Жаннет Клетцер де өз сөзінде сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыстың келешекке бағытталатынын және нақтылы нәтижелерге қол жеткізуді көздейтінін баса айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сайлау процесінің әртүрлі аспектілеріне байланысты кең ауқымды сұрақтарды талқылады.
Пікірсайыс барысында сайлаудың құқықтық базасын реформалау бойынша бірқатар нақтылы ұсыныстар айтылды. Олардың кейбіреулері концептуалдық сипаттағы ұсыныстар болса, басқалары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның қолданыстағы қағидаларына қатысты болды.
Отырыстың қорытындысын жасай келе, Қ. Тұрғанқұлов Ортсайлаукомның барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа әзір екенін тағы да бір атап өтті және дөңгелек үстел барысында айтылған барлық ұсыныстар талданып, бұдан кейінгі жұмыс барысындағы кездесулерде талқыланатындығын айтты.
Осы ретте, конструктивтік ұсыныстар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар негізу туралы ұсыныстар пакетін дайындау барысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
