| 29.10.2018 |
|
2018 жылғы 28 қазанда Грузия Президентінің сайлауын байқау
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері 2018 жылғы 28 қазанда өткен Грузия Президентінің сайлауын байқауға қатысты.
Грузия Конституциясына қабылданған өзгерістер нәтижесінде ел парламенттік басқару моделіне көшті, өйткені келесі президентті арнайы таңдаушылар сайлайтын болады. Осылайша, 2018 жылғы 28 қазанда өткен мемлекет басшысын тікелей сайлау соңғы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомы делегациясының құрамына Ортсайлауком мүшесі Л.Ж. Сүлеймен, Ортсайлауком аппараты құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі м.а. А.А. Жакенов, сондай-ақ «ҚР ОСК ИТО» РМК өкілі А.Ф. Қалақова кірді.
Сапар барысында 2018 жылғы 27 қазанда Ләззат Сүлейменнің Грузияның Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Тамар Жваниямен ресми кездесуі болды. Кездесу барысында Л. Сүлеймен осы сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін ҚР ОСК атынан Т. Жваниянаға алғысын білдірді. Өз кезегінде, Грузия Ортсайлаукомының басшысы ОСК мен сайлау комиссияларының сайлау күніне дайындық барысы туралы, сондай-ақ ағымдағы сайлау науқанының негізгі жұмыс кезеңдері туралы хабардар етті.
Сайлау күні Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомның өкілдерінің делегациясы Тбилиси қаласында 12 сайлау учаскесінде болды, ал дауыстарды санау рәсімінен кейін Грузия Ортсайлаукомның Медиа-орталығына барды.
Атап өту керек, Қазақстан Республикасынан осы сайлауды байқауға барлығы 12 адам қатысты, оның ішінде 3 - Грузия Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша, 6 - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында, Қазақстан Республикасы Парламентінің 3 өкілі ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


