| 06.11.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясында Аз ұлттар жөніндегі Бас Комиссардың (АҰБК) Кеңесшісімен кездесу өтті
2007 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Владимир Фоос Аз ұлттар жөніндегі Бас Комиссардың Кеңесшісі (АҰБК) Сабин Махльмен, сондай-ақ құқықтық мәселелер жөніндегі меңгерушінің ассистенті Аннелис Верстишельмен кездесті.
Жұмыс кездесуінің барысында тараптар жоғары заң шығарушы билік органдарындағы аз ұлттар өкілдігінің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі туралы пікір алмасты.
«Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Парламент депутаттарының ішінде – 39 ұлт өкілі, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі мәслихаттарда елімізде тұрып жатқан көптеген этностар өкілдік етеді. Сонымен қатар 2007 жылы конституциялық реформа аясында Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлады. Бұл, қажет болған кезде, саны аз халықтардың саяси құқықтарын қорғау үшін арнаулы шаралар қабылдауды көздейтін 1990 жылғы Копенгаген құжатының 31-тармағына сәйкес келеді», - деп атап көрсетті ҚР ОСК Төрағасының Орынбасары.
С. Махль ханым, өз кезегінде, Аз ұлттар жөніндегі Бас Комиссардың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде аз ұлттардың құқықтарын қорғауға деген бейілділігіне ризашылығын білдіргенін атап көрсетті, ол туралы Парламент Мәжілісінде әр түрлі этностардың өкілдері үшін депутаттық мандаттарды квоталауы айғақтайды.
Аз ұлттарға арналған квоталар бойынша сайлау Қазақстанда алғаш рет өткізілгеніне сүйене отырып, АҰБК өкілдері халықаралық тәжірибені қорыту жөнінде жан-жақты консультативтік көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Тараптар Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларымен бірге жоғары заң шығарушы билік органдарында аз ұлттардың өкілдігін қамтамасыз ету мәселелерін дөңгелек үстел форматында ҚХА, парламентарийлердің, заңгерлердің қатысуымен талқылау туралы уағдаласты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
