| 02.11.2018 |
|
Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті
ҚР ОСК 25 жылдығына арналған халықаралық конференция аясында 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Аталған Меморандумға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Мәжитұлы Имашев пен Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Мазаир Панахов қол қойды.
Сондай-ак Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Мәжитұлы Имашев пен Иорданияның тәуелсіз сайлау комиссиясының Төрағасы Халид әл Калалдех Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Иорданияның Тауелсiз сайлау комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Осы меморандумдар сайлау процесінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын даярлауды ұйымдастыру және сайлау мен референдум өткізу, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен сайлаушыларды есепке алу жүйелерін пайдалану, сондай-ақ ұлттық сайлау заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша білім мен тәжірибе алмасуды көздейді. Меморандумдардың ережелерін іске асыру
- ынтымақтастықтың нақты бағыттарын іске асыру үшін бірлескен жұмыс топтарын құру;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен және нормативтік құқықтық актілермен алмасу;
- бір-бірінің тәжірибесін зерттеу;
-семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар және басқа да бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, өзара мүдделерге жауап беру және сайлау мен референдумдарды дайындау және өткізу барысын бақылау үшін өкілдердің жолдамасы.
Айта кету керек, ұзақ мерзімді, жоспарлы, жүйелі ынтымақтастық және сайлауды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесін терең зерделеу шеңберінде Ресей, Корея, Қырғызстан, Латвия, Молдова және Украина сайлау органдарымен келісімдер бар.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы






