| 01.11.2018 |
|
«Заманауи технологиялардың сайлаудағы рөлі: стандарттарды жақсарту, қоғамдық сенім» халықаралық конференциясы өтті
2018 жылғы 1-2 қарашада Б. Имашевтың төрағалығымен «Заманауи технологиялардың сайлаудағы рөлі: стандарттарды жақсарту, қоғамдық сенім» атты халықаралық конференция болды.
Конференция заманауи сайлау жүйесі мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығын мерекелеу аясында өтті.
1993 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін Орталық сайлау комиссиясы сайланғаның, 1993 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Кодексті қолданысқа енгізу туралы Жарлыққа қол қойылғанын еске саламыз. Бұл құжаттарды қабылдау елдің заманауи сайлау жүйесінің негізін қалады. 25 жыл бұрын Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік орган мәртебесін алды.
Халықаралық конференцияның жұмысына Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының, Еуропа елдері сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының және Қазақстан институционалдық мүше болып табылатын Азия сайлау органдары қауымдастығының өкілдері, 14 шет мемлекеттің сайлау органдарының басшысы, сайлау саласындағы белгілі ғалымдар мен сарапшылар, мемлекеттік билік органдарының, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және ел өңірлерінен келген делегациялардың басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Әбдіханұлы Бекназаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божко, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бағдарламаларының Астана қаласындағы Офисінің Басшысы Дьердь Сабо, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің атынан - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Мұқашев Рахмет Желдібайұлы сөз сөйледі.
Конференцияны аша отырып, Берік Мәжитұлы Имашев ширек ғасыр бойы Қазақстанның сайлау органдары елдің демократиялық институттарын дамытуға ықпал ете отырып, азаматтардың сайлау және сайлану конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететінін атап өтті. Еркін демократиялық сайлау заманауи Қазақстанның қоғамдық өмірдің нормасы болып табылады-электоралдық рәсімдер жетілдіріледі, азаматтардын құқықтық мәдениеті артады,сайлау процесіне озық технологиялар енгізіледі.
Берік Имашев өзінің сөзінде отандық сайлау тәжірибесін дамытудың 25 жылдық кызметін қорытындылай шығара отырып, жаһандану және ақпараттық технологияларды дамыту жағдайында сайлау жүйелерінің болашағына ерекше назар аударды. 25 жылдан кейін Қазақстанның және басқа елдердің сайлау жүйесі қандай болады? Сайлау құқығының мызғымас негіздерінде жаһандық әлемдік трендтер қалай көрініс табады? Жаңа халықаралық стандарттар қандай болады? Осы және басқа да сұрақтарға Берік Имашев өз баяндамасында назар аударды.
Конференция барысында сондай-ақ шет мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының өкілдері сөз сөйледі, оның ішінде:
Әзірбайжан Республикасы Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасы Мазахир Панахов,
Ресей Федерациясы ОСК Хатшысы Гришина Майя Владимировна,
Латвия ОСК Төрағасы Цимдарс Арнис,
Литва Республикасы ОСК Төрайымы Матьешайтите Лаура,
Тәжікстан Республикасының сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы Худоерзода Бахтиер,
Грузия Орталық Сайлау Комиссиясы Төрағасының Орынбасары Шарабидзе Георгий,
Болгария Республикасы ОСК Төрағасының Орынбасары Мусорлиева Мария,
Қырғызстан ОСК комиссия мүшесі Осмоналиев Қайрат Медербекұлы,
Үндістан Халықаралық Демократия және сайлау әкімшілендіру институтының директоры Вивек Кхаре.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Қажманұлы Асанов баяндама жасады. «Сайлау жүесінің Қазақстан саяси партияларының нығаюындағы және дамуындағы рөлі» тақырыбындағы баяндаманы «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Дүйсенова Тамара Қасымқызы таныстырды. «Қоғамдық жаңғырту және сайлау процесі:Демократиялық институттарды дамытудағы және азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етудегі ұлттық стратегиялар» тақырыбында Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі Дархан Аманұлы Қалетаев сөз сөйледі, сондай-ақ халықаралық конференцияға қатысушылар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшысы Елизавета Кренова-Цепилова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнамалық және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Прокопенко Леонид Андреевич, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Василенко Роман Юрьевич, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Шаукенова Зарема Кәукенқызы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлы, Тәуелсіз Мемлекеттер және Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының қатысушы мемлекеттердің демократияны дамытуғаа мониторинг жүргізу, парламентаризм және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институтының директоры Гладей Дмитрий Георгиевич, «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Карин Ерлан Тынымбайұлы, «Eurasian Expert Council» қоғамдық бірлестігінің президенті Лепсібаев Шыңғыс Серікұлы, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Оспанов Серік Жәмекұлы, "Шырақ «мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ төрайымы Қалтаева Ләззат Молдабекқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Исенова Гүлнара Константиновна.
Конференцияға қатысушылар сайлау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін талқылады, олар алдағы жылдарға арналған электоралды күн тәртібінің негізгі тренді болып табылады.
Сондай-ақ 2018 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған «Заманауи технологиялардың сайлаудағы рөлі: стандарттарды жақсарту, қоғамдық сенім» халықаралық конференциясының шеңберінде сайлау процесіне қатысушыларды оқыту мақсатында жасалған Қазақстанның сайлау жүйесін қалыптастыру мен дамытудың тарихи-құжаттық негіздеріне арналған «Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи-деректі негіздері» көрме экспозициясының ашылу салтанаты өтті.
Халықаралық конференцияның соңында Ортсайлауком сайлау саласында өз әлеуеті мен білімін толықтырған қатысушылардан оң пікірлер алды.
Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы








