| 05.11.2007 |
|
Орталық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры К. Штрохалмен кездесу өтті
2007 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры Кристиан Штрохальмен кездесті. Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлау секциясы директорының орынбасары Конрад Ольшевский мен Сайлау секциясының кеңесшісі Джонатан Стоунстрит, Аз ұлттардың Бас комиссарының кеңесшісі (АҰБК) Сабин Махль, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның бірқатар жауапты қызметкерлері қатысты.
Орталық сайлау комиссиясы қазіргі уақытта 2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі Миссияның қорытынды есебіне жан-жақты талдау жүргізуде.
«Біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясына жүргізген жұмысы үшін ризамыз және «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенімізді білдіреміз. Сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстың басымдықты бағыттары барлық деңгейде жауапты және білікті сайлау комиссияларын құру, Сайлау туралы заңның қолданылу тәжірибесін жетілдіру және барлық сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру болмақ», - деп атап көрсетті Қуандық Тұрғанқұлов.
Жуырда Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның қорытынды есебінде қамтылған ұсынымдарды ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс жоспарын қабылдауға ниет білдіріп отыр.
Ортсайлауком мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларының деңгейінде жұмыс кездесулерін өткізу мерзімдері мен орны жөнінде келісу рәсімдері ағымдағы жылдың қараша айының соңында басталады. Сондай-ақ Ортсайлауком жанында Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған байқау жөніндегі мисссиялардың ұсынымдарын, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сайлау ұйымдастырушылардың ұсыныстарын қарау жөніндегі жұмыс тобының қызметі жаңартылатын болады.
Кристиан Штрохаль, өз кезегінде, ұсынылған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ҚР ОСК ынтымақтастығы форматын қолдай отырып, Орталық сайлау комиссиясы мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жұмысының ашықтығына көңілі толғанын білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
