31.10.2018 |
![]() |
Бүгін, 2018 жылғы 31 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды іске асырудың тәжірибелік шаралары туралы» тақырыпта семинар-тренинг өткізілді
Семинар-тренинг жұмысына облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары төрағалары мен хатшылары, электораттық оқытудың сертификатталған тренерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, әкімдер аппараттарының сайлаушылар тізімдеріне жауапты қызметкерлері қатысады.
Семинар-тренинг қатысушыларын Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Б.М. Имашев кіріспе сөзбен қарсы алды.
Б.М. Имашев бүгінгі семинар-тренинг аумақтық сайлау комиссиялары үшін арнайы орындар көзделген ОСК-ның жаңа ахуалдық орталығында, жаңа форматта және Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында болатын ірі халықаралық конференцияға байланысты өткізіліп жатқанын атап өтті.
Семинар-тренингтің модераторы болып Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров болып табылады.
Семинар-тренингте «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды іске асырудың тәжірибелік шаралары, электоратаралық кезеңдегі қызметтің негізгі бағыттары: сайлау жүйесінің құқықтық аспектілерін түсіндіру, сайлаушылардың тізімдерін, сайлау учаскелерін жаңарту, сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру мәселелері, сайлау кезеңіндегі ақпараттық жұмыс ерекшеліктері, шет мемлекеттердегі сайлауды халықаралық байқау, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерін жасау және ұсыну мәселелері қаралды.
Орталық сайлау комиссиясының міндеттерінің бірі сайлау процесіне қатысушыларды электораттық оқыту және сайлау процесіне қатысушыларды оқытуға бюджет қаражатын жоспарлау болып табылады. Сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуда сайлау комиссияларының мүшелерін кәсібилендіруге, электораттық-құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған интерактивті технологиялар талқыланды.
Ресей Федерациясы Ленинград облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Евгеньевич Лебединский сайлау комиссияларының кадрларын оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-тренингтің соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.