| 05.02.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті
2008 жылғы 5 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 8-к өкімімен құрылған бұл Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстанның мемлекеттік емес ұйымдары мен саяси партияларының өкілдері кірген. Орталық сайлау комиссиясына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден. еліміздің сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар негізу бойынша ұсыныстар келіп түсуде. Бүгінгі күні «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Тәуелсіз байқаушылардың республикалық жүйесі, Сайлауларды байқау жөніндегі комитет, Демократияны қолдау орталығы өз ұсыныстарын жолдады. «Біздің алдымызда келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу және оларды 2008 жылғы 30 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына енгізу бойынша үлкен жұмыс тұр. Негізгі міндет – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға барлық сайлау процесіне қатысушылардың мүдделерін ескеретін және тұтастай алғанда сайлау процесін жақсартатын сапалы өзгерістер енгізу»,- деп атап өтті Жұмыс тобының жетекшісі, ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В. Фоос. Сондай-ақ, отырыста Жұмыс тобының мүшелері ұйымдастыру сұрақтарын және ақпарат алмасу тәртібін талқылады. Жұмыс тобының келесі отырысын наурыз айының бірінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
