| 22.10.2018 |
|
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х. Баймолдинаның қатысуымен семинар өтті
2018 жылғы 22 қазанда Қарағанды облысы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің: Комиссия мүшесі З.Х.Баймолдинаның, сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы И.Ч.Беркімбайдың, электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы А.Б.Қонаеваның және «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК директоры Е.С.Қосмұратовтың қатысуымен семинар өтті, онда 2018 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түзетулер, сондай-ақ электораттық оқыту, сайлаушылар мен сайлау учаскелері туралы мәліметтерді қалыптастыру тәртібі мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы Ж.М.Ысқақов, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сертификатталған тренерлер, әкімдер аппараттарының басшылары, сондай-ақ мәслихаттардың хатшылары қатысты.
Кеңес барысында сайлау заңнамасының новеллалары, соның ішінде сайлаушылардың тізімдерін жасау жөніндегі жұмысты жетілдіру және сайлау процесіне қатысушылардың электораттық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
Зәуреш Баймолдина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының соңғы жылы сайлау заңнамасы мониторингі шеңберінде үлкен жұмыс атқарғанын, оның қорытындылары бойынша сайлау процесін жақсартуға қатысты ұсыныстар енгізілгенін атап өтті.
ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары – бұл сайлау жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі жер-жерде, сайлау туралы заңнаманың орындалуын, оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ететін де солар екенін атап көрсетті.
«Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға, сайлау туралы қолданыстағы заңнама талаптарының қатаң сақталуына ерекше көңіл бөліп отырады. Сайлау заңнамасының жаңа нормаларын тиісті қолдану мәселелерін жан-жақты талқылау үшін ОСК өңірлерге шығатын семинарларды жоспарлап өткізуде»,- деді Зәуреш Баймолдина.
ҚР ОСК мүшесі З.Х.Баймолдина семинарға қатысушыларды сайлауаралық кезеңдегі ОСК қызметінің негізгі бағыттарымен де таныстырып өтті, олар: сайлау жүйесінің құқықтық аспектілерін түсіндіру, сайлаушылардың тізімдерін, сайлау учаскелері мен шекараларын өзектендіру, сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру және электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру.
Е.Қосмұратов Қарағанды облысы бойынша сайлаушылар тізімі туралы мәліметтерді талдап, ІТ-технологияларды қолдану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектендіруді және нақтылауды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар туралы айтып берді.
А.Қонаева «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз ету құзыретін әкімдіктерге беру бөлігінде, сондай-ақ Бюджет кодексіне сайлау процесінің қатысушыларын оқытуға жергілікті бюджет шығыстары бөлігінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру шеңберінде Ортсайлауком енгізген каскадтық әдіспен сайлау комиссияларының мүшелерін даярлау жүйесі туралы айтып берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы




