| 19.10.2018 |
|
ҚР ОСК хатшысы С. Мұстафинаның Алматы қаласы әкімдігіндегі жұмыс жиналысы
2018 жылғы 19 қазанда Алматы қаласы әкімдігінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С.Мұстафинаның және Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Ә.Сембековтың қатысуымен сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру және жүзеге асыру бойынша жұмыс жиналысы өтті.
Жиналыс жұмысына аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, Алматы қаласы аудандарының әкімдері мен аппарат басшылары, ішкі және жастар саясаты басқармаларының, қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, сайлаушылар тізімін жасауға жауапты аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ шараға аудандық ақпараттандыру орталығының операторлары мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өңірлік филиалының басшысы қатысты.
Жиналыс барысында С.С.Мұстафина Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жергілікті атқарушы органдардың сайлау комиссияларымен өзара қарым-қатынасы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша атқарушы органдардың жаңа функциялары, электораттық оқытуды жүйелі ұйымдастыру, сайлаушылар тізімін өзектендіру, сондай ақ сайлау комиссияларының өкілеттіктері туралы түсініктеме берді.
«ҚР ОСК ИТО» РМК директорының орынбасары Елімсарина А.Т. ІТ-технологияларды пайдалана отырып сайлаушылар туралы мәлімет және Алматы қаласының сайлау шекараларын қалыптастыру, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік база деректеріне сай сайлаушылар тізімдерін өзектілендіру бойынша мүдделі ұйымдардың жұмыстары туралы хабарлама жасады.
ҚР ОСК электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Бөлеева М.Қ. Ортсайлауком енгізіп отырған сайлау комиссиялары мүшелерін каскадтық әдіспен дайындау жүйесі, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерге құзыреттілікті үлестіру, сондай-ақ Бюджеттік кодекске сайлау процесінің қатысушыларын оқытуға жергілікті бюджет шығыстары туралы айтып берді.
Жиналыс барысында қызықты пікір алмасу болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


