| 19.10.2018 |
|
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К. Петров пен ҚР ОСК мүшесі А.Ихдановтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары
2018 жылғы 19 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров пен Ортсайлауком мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихданов «Сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына түсінік беру мен оны іске асыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес жұмысына мәслихаттар хатшылары, Петропавл қ. және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, әкімдіктер аппараттарының сайлау базасын қалыптастыруға жауапты қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар іс-шараға аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, электораттық оқытудың тренерлері, саяси партиялардың өңірлік филиалдары мен жергілікті қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Семинар-кеңес жұмысы барысында қатысушыларға мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу кезінде пропорционалды сайлау жүйесін енгізу жайлы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасындағы жаңалықтар түсіндірілді. Бұдан басқа мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз ету, электораттық оқытуды ұйымдастыру, сайлаушылар тізімін өзектілендіруді жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, сондай-ақ заңнаманың өзгерістерінен туындайтын сайлау комиссияларының құзыреті ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар іс сапар барысында Ортсайлауком мүшелері Тайынша және Қызылжар аудандарына барып, 2018 жылғы 28 қазанға белгіленген мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық пен өткізу мәселелері бойынша аумақтық, өңірлік және учаскелік сайлау комиссияларымен кездесу өткізді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы








