| 13.06.2008 |
|
2008 жылғы 13 маусымда Астана қаласында «Сайлау технологиялары мен рәсімдері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел болды
2008 жылғы 13 маусымда Астана қаласында «Сайлау технологиялары мен рәсімдері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел болды.
Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ағымдағы жылғы 28 наурызда болған алғашқы дөңгелек үстелдің шеңберінде оған қатысушыларға, жалпы Қазақстанның сайлау заңнамасындағы және сайлау тәжірибесіндегі неғұрлым маңызды проблемаларды белгілеудің сәті түскенін, оларды реттеу сайлау заңнамасын жалпыға бірдей танымал демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес одан әрі дамытуға, сондай-ақ Президент бастамашылық жасаған саяси реформалар процесін алға жылжытуға ықпал ететінін атап көрсетті.
Жұмыс тобының мүшелері ұйымдастырған алғашқы дөңгелек үстелдің отырысына қатысушылардың сөздерін талдау нәтижесінде сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпы саны 15 ұсыныс келіп түсті. Олардың ішінде: 6 – сайлау комиссияларын құру, 4 – дауыс беруді ұйымдастыру, 3 – сайлау рәсімдерін реттеу мәселелеріне қатысты.
Осы ұсыныстардың бірқатары бұрын жұмыс тобының отырыстарында қаралған болатын және дайындалу үстіндегі жиынтық кестеде көрініс тапқан. Қазіргі сәтте ол 200-ден астам ұсынысты қамтиды.
Екінші дөңгелек үстелдің басты міндеті ретінде ОСК Төрағасы сайлау туралы заңға сайлау рәсімдерін жетілдіруге және заңнаманың ақтаңдақтарын жоюға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді белгіледі.
«Заң онда белгіленген іс-қимылдарды өзгерту немесе субъективті пайымдау мүмкіндігін толығымен болдырмауға, сондай-ақ оның ережелері мен нормаларын екіұдай немесе қате түсіндіруге жол бермеуге тиіс» - деп атап көрсетті Ортсайлауком Басшысы.
Осы пікірсайыстың барысында оған қатысушылар сайлау науқанының дауыс беру және басқа да кезеңдері үшін сайлау рәсімдерін реттейтін сайлау заңнамасының нормаларын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
Дөңгелек үстелдердің процесіне қатысушылар ұсынған барлық сындарлы идеялар жұмыс тобында талқыланғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына ұсыныстар топтамасын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады, кейіннен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне заң жобасын әзірлеу үшін жіберіледі.
Отырысты қорытындылай келе, Қ. Тұрғанқұлов барлық мүдделі тараптар тартылған, сайлау заңнамасын жетілдіру саласындағы ынтымақтастықтың оң тәжірибесі осы жұмысты ұйымдастырудың неғұрлым оңтайлы әдісінің таңдалғанын айғақтайтынын атап көрсетті. Сондықтан ашық көптарапты диалог шеңберінде сайлау заңнамасының проблемаларын талқылау мен оларды шешу жолдарын іздестіру тәжірибесін жалғастыру және дамыту қажет.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
