| 15.10.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі Б.С. Мелдешовтың Жамбыл облысына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 15 қазанда Жамбыл облысы әкімі аппаратында қала және аудан әкімдері аппараттарының басшыларының, мәслихат хатшыларының, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының, қала және аудан әкімдері аппараттарының сайлау базасын қалыптастыруға жауапты қызметкерлері мен электораттық оқытудың тренерлерінің қатысуымен "Сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру мәселелері бойынша жиналыс болды. Жиналыс жұмысына ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері: ҚР ОСК мүшесі Б.С.Мелдешов, сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Д.Т. Ысқақов, электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы А.Б.Қонаева, ҚР ОСК "Инженерлік-техникалық орталығы" РМК директоры Е.С. Қосмұратов қатысты.
Жиналыс семинар нысанында ұйымдастырылып, оның барысында Бахыт Мелдешов пен Дәурен Ысқақов Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар: пропорционалды негізде жергілікті мемлекеттік өкілдік органдарының (мәслихаттардың) қалыптасуы, сайлау процесінің жеке құқықтық нормалары мен институттарын жетілдіру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етудің тәжірибелік мәселелері туралы баяндады.
Е.Қосмұратов Жамбыл облысы бойынша сайлаушылар тізімі туралы мәліметтерді талдап, ІТ-технологияларды пайдалану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектілендіру және нақтылау туралы айтып берді.
А.Қонаева Бюджеттік кодекске сайлау процесінің қатысушыларын оқытуға жергілікті бюджет шығыстарына қатысты, сондай-ақ «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерге құзыреттіліті үлестіруге қатысты толықтыруларды жүзеге асыру туралы түсінік берді.
Сол күні ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Жамбыл облысының Жуалы ауданына барып, аудан аппарат басшысымен және әкімдік қызметкерлерімен, аудан учаскелік сайлау комиссияларының төрағасы, хатшысы және мүшелерімен кездесу өткізді, онда 2018 жылғы 28 қазанға тағайындалған облыстық мәслихатқа сайлауды әзірлеу мен дайындық туралы, сонымен бірге сайлау заңнамасының мәселелері талқыланды.
Семинар барысында пікір алмасу болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
