| 04.12.2007 |
|
Қазақстан Республикасының өкілдері Ресей Федерациясы Федералдық Собраниесінің Мемлекеттік думасы депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Қазақстан Республикасының өкілдері 2007 жылғы 2 желтоқсанда болған Ресей Федерациясы Федералдық Собраниесінің Мемлекеттік думасы депутаттарының сайлауын байқауға қатысты.
Қазақстан Республикасының 12 өкілі ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобының құрамында, 22 – ТМД Атқару комитеті Миссиясының құрамында, бесеуі – Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша және үшеуі – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Миссиясының құрамында сайлау науқанының барысын байқауды жүзеге асырды.
2007 жылғы 3 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы Ресей Федерациясы Федералдық Собраниесінің Мемлекеттік думасы депутаттарын сайлаудың әзірленуі мен өткізілуін байқау нәтижелері бойынша Мәлімдеме таратты.
Онда өткен сайлау «еркін және ашық» деп сипатталған, сондай-ақ Ынтымақтастық байқаушылары анықтаған заң бұзушылықтардың елеулі болмағаны және дауыс берудің жалпы қорытындысына әсер етпегені атап көрсетілген.
Осылайша, ТМД байқаушылары Миссиясы болған сайлаудың Ресейдің сайлау заңнамасына қалай сәйкес болса, «жалпыға бірдей демократиялық сайлау өткізу тәсілдеріне» солай сәйкестігін мойындады және басқа да халықаралық байқаушыларға да өзінің Мәлімдемесіне қосылуын ұсынды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
