| 10.10.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина Азиялық сайлау органдарының қауымдастығының Атқарушы комитетінің отырысына қатысты
2018 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х. Баймолдина Филиппиннің астанасы Манила қаласында Азиялық сайлау органдарының қауымдастығын Атқарушы комитетінің (АСОҚ) отырысына қатысты. Іс-шараға АСОҚ Атқарушы комитетінің барлық мүшелері қатысты - Филиппин, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Ресей, Пәкістан және Тайвань сайлау органдарының өкілдері.
АСОҚ Атқарушы комитетінің отырысында АСОҚ Хатшылығының 2017-2018 жж. атқарылған жұмыстары туралы есебі және қаржы есебі тыңдалды. Сондай-ақ келесі мәселелер талқыланды: тұрақты хатшылықтың жұмыс істеуі; АСОҚ ресми интернет-ресурсының жұмысын қайта бастауы; АСОҚ бірыңғай шотын енгізу; Атқарушы комитеттің және АСОҚ Бас Ассамблеясының 2019 жылғы отырысының өткізілетін орны; АСОҚ Жарғысына түзетулер; АСОҚ жаңа мүшелерінің қосылуы. Бұдан басқа АСОҚ 2018 жылдың қараша айынан 2019 жылдың наурызына дейінгі жұмыс жоспары қабылданды.
Қауымдастықтың қызметін тиімді жүзеге асыру үшін оның жұмысын жүйелі құру үшін, АСОҚ Атқарушы комитетінде Қазақстанның өкілі ретінде З.Баймолдина Хатшылықтың қызметі рәсімдерін, оның ішінде ұйымдастыру іс-шараларын анықтайтын ережелерді әзірлеуді ұсынды.
«Бұл ережелер АСОҚ Атқарушы комитетінің отырыстарын ұйымдастыру тәртібін, AСОҚ Атқарушы Комитеті мүшелерінің қарауына енгізілетін құжаттарды дайындау рәсімін, АСОҚ Атқарушы комитеті отырыстарының күн тәртібін, АСОҚ Атқарушы комитеті отырысының хаттамасын жасау тәртібін белгілейді» деп атап көрсетті З.Баймолдина.
Түстен кейін З.Баймолдина Филиппиннің сайлауда қолданылатын электрондық жүйесінің тұсаукесеріне қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


