| 09.10.2018 |
|
2018 жылғы 6 қазанда Латвия Республикасындағы парламенттік сайлауды байқауға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуы
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К. Петров бастаған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының делегациясы Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2018 жылғы 6 қазанда өткен Латвияның 13-ші Сеймінің (Парламентінің) депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді байқауға қатысты.
Дауыс беру барысын байқау үшін сайлау күні Рига және Юрмала қалаларындағы сайлау учаскелеріне барды.
Сайлауды әзірлеу мен өткізуді қадағалау барысында ҚР ОСК делегациясы Сейм депутаттарының ағымдағы пропорционалды сайлау жүйесімен, дауыс беру рәсімдерінің ерекшеліктерімен, сайлау учаскелерінде нәтижелерді айқындау кезінде дауыстарды санаудың автоматтандырылған жүйесі элементтерін пайдалану практикасымен танысты.
Сапар барысында Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Арнис Цимдарспен кездесу барысында Қазақстан мен Латвия сайлау органдарының арасындағы сайлау процесін жетілдіру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

