| 27.03.2008 |
|
2008 жылғы 28 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Сайлау процесіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді
2008 жылғы 28 наурызда сағат 11.00-де Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35 үй (ҚР СІМ) мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Сайлау процесіне қатысушылар: олардың проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.
Сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ғылыми интеллигенцияның өкілдері шақырылған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сайлау процесінің әртүрлі аспектілеріне байланысты сұрақтарды талқылауды көздеп отыр. Оның ішінде: сайлау комиссиялары құрамын қалыптастыру ұстанымдары, дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастыру, сайлаушылар тізімдерін құру және нақтылау, сайлауды байқауды ұйымдастыру және байқаушылар құқығын қамтамасыз ету, «Сайлау» ААЖ-ын қолдану перспективалары сияқты сұрақтар.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
