| 17.06.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурстың нәтижелері туралы ақпараты
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында номинациялар бойынша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау құқығы, сайлау процесі және сайлау заңнамасы мәселелері жөніндегі үздік жұмысқа конкурс 2008 жылдың 11 ақпаны мен 31 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобасын іске асыру аясында өткізілді.
Қойылған шарттарға сәйкес, оған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары немесе құрамы ең көп дегенде күндізгі бөлімдерде оқитын 3 студенттен не магистранттан тұратын авторлар ұжымдары қатысты.
Конкурсты өткізудегі негізі мақсат – жастардың кәсіби даярлық деңгейін, электораттық мәдениетін, қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, студенттер мен магистранттардың шығармашылық әлеуетін іске асыру, оларды сайлау процесіне белсенді тарту.
Конкурсқа барлығы 291 студент пен магистрант қатысты.
Облыстық, Астана мен Алматы қалалық қазылар алқалары Республикалық қазылар алқасына бес номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған жұмыстарды жолдады.
2008 жылғы 9 маусым күні Орталық сайлау комиссиясында Конкурстың қорытындыларын шығару бойынша Республикалық қазылар алқасының отырысы болып өтті. Оның құрамына:
Республикалық қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Фоос Владимир Карлович;
Республикалық қазылар алқасы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәрсембаев Марат Алданғорұлы;
Республикалық қазылар алқасының мүшелері:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Бусурманов Жұмабек Дүйсешұлы;
Қазақстан Республикасы Заңнама институтының заң жобалау жұмыстары бөлімінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Ғаббасов Алмат Болатұлы;
«Қазақстанның Азаматтық альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің жобалар үйлестірушісі Жарас Айгүл;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі Жексембекова Венера Абыханқызы;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, профессор Дүйсембаев Ізім Насиұлы;
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы директорының орынбасары, саяси ғылымдар кандидаты, саясаттану доценті, «Сайлауды бақылау комитеті» РҚБ Астана филиалының төрағасы Калашникова Наталья Павловна;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен БҰҰ Даму Бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін дамыту» атты бірлескен жобасының менеджері Қарынбаев Нұрлан Рахымбайұлы;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Ақпарат басқармасының бас сарапшысы Мәуберлинова Нұргүл Өсербайқызы;
Астана қаласы мәслихатының аппарат жетекшісі, Астана қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Пытьева Вера Прокопьевна;
«Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі Атқарушы директорының орынбасары Нұртазаев Сәкен Рүстемұлы кірді.
Республикалық қазылар алқасының отырысына облыстық, Астана және Алматы қалалық конкурстардың 114 жеңімпазының 148 жұмысы ұсынылды. Талқылау барысында 5 номинацияда 35 жеңімпаз анықталды. Олар...
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының бірлескен жобасы аясында алынған жүлделерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім минитсрлігі, жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы және басқа ұйымдар ұсынған жүлделерден жүлделер қоры жасалды.
2008 жылғы 17 маусым күні Астана қаласында Конкурсқа қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.
«Біз бүгінгі Конкурсқа қатысушылардың еліміздің сайлау заңнамасына деген қызығушылығы оны жас сайлаушылар арасында таратуға негіз болады деген сенімдеміз. Ал, мұның өзі жалпы электораттық мәдениеттің, қазақстандық жастардың қоғамдық-саяси белсенділігінің артуында көрініс табары сөзсіз»,- деп атап өтті өз сөзінде Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
