| 28.09.2018 |
|
Астанада оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшысын – «Қала Ұланбасын» сайлау өтті
2018 жылғы 28 қазанда Астана қ. Оқушылар сарайында Астана қаласы мектептерінің оқушылардың қалалық өзін-өзі басқаруының көшбасшысын – қала Ұланбасын сайлау болды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының әдістемелік сүйемелдеуімен, болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру шеңберінде оқушыларға сайлау қызметінің практикалық бағдарланған білімін, машықтары мен тәжірибесін беру мақсатында әзірленген ұйымдастыру құжаттары бойынша өткізілді.
Сайлауды ұйымдастырушы Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Астана қалалық филиалы болды.
Сайлау жанама сайлау құқығы негізінде өткізіліп, дауыс беруге 520 таңдаушы - қаланың 58 мектебінің көшбасшылары мен президенттері қатысты.
Сайлау рәсімінің ерекшелігі – республиканың қолданыстағы заңнамасына сәйкес сайлау өткізудің негізгі тетіктеріне неғұрлым жақындатылғаны болды.
Дауыс беру қорытындылары бойынша Ұланбасы болып №64 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Бекен Әлем сайланды.
Байқаушылар ретінде сайлауға Ортсайлаукомның Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М.А.Анапин, Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы А.Б. Қонаева, сондай-ақ қаланың Білім басқармасының, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалының өкілдері қатысты.
Іс-шара оқушылардың электораттық белсенділігінің және мектепте өзін-өзі басқаруының жаңа нысандарын дамытуға қызығушылық танытқанын көрсетті. Оған педагогикалық және ата-аналар қоғамдастықтары өкілдерінің жағымды пікірлері куә болды.
Оқушылардың қалалық өзін-өзі басқару көшбасшысын сайлау ҚР ОСК-ның 2017 жылғы 22 қазанда ұйымдастырған «Мектеп Президентін сайлау» жобасының жалғасы болып табылды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
