| 28.09.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі Л.Ж.Сүлейменнің Атырау облысына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 28 қыркүйекте Атырау облысы әкімі аппаратында ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдері: ҚР ОСК мүшесі Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің, электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас консультанты Түсіп Жетенұлы Рыспековтың, ҚР ОСК "Инженерлік-техникалық орталығы" РМК директорының орынбасары Арайлым Тілеуханқызы Елімсаринаның қатысуымен "Сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру мәселелері бойынша жиналыс болды.
Жиналыс жұмысына қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, мәслихат хатшылары, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, қала және аудан әкімдері аппараттарының сайлау базасын қалыптастыруға жауапты қызметкерлері және электораттық оқытудың тренерлері қатысты.
Жиналыс семинар нысанында ұйымдастырылып, оның барысында Ләззат Сүлеймен Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар: пропорционалды негізде жергілікті мемлекеттік өкілдік органдарының (мәслихаттардың) қалыптасуы, сайлау процесінің жеке құқықтық нормалары мен институттарын жетілдіру, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз етудің тәжірибелік мәселелері туралы баяндады.
Арайлым Елімсарина Атырау облысы бойынша сайлаушылар тізімі туралы мәліметтерді талдап, ІТ-технологияларды пайдалану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектілендіру және нақтылау туралы айтып берді.
Түсіп Рыспеков Бюджеттік кодекске сайлау процесінің қатысушыларын оқытуға жергілікті бюджет шығыстарына қатысты, сондай-ақ «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңына сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерге құзыреттіліті үлестіруге қатысты толықтыруларды жүзеге асыру туралы түсінік берді.
Семинар-кеңес барысында қызықты пікір алмасу болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


