| 15.04.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті
2008 жылғы 15 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті.
Отырыста Жұмыс тобының мүшелері сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстардың құрама кестесін, сондай-ақ саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және басқа да сайлау процесіне қатысушылардан келіп түскен ұсыныстардың негізгілерін талқылады.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро, «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қоры, Тәуелсіз байқаушылардың республикалық жүйесі құрама кестеге өзінің түсіндірмелерін берді.
Талқылау барысында «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның өкілі П. Своик сайлау заңнамасының сайлау комиссиялары құрамын қалыптастыру және дауыс беру күнгі сайлау процедураларына қатысты нормаларын жетілдіру қажеттігіне тағы да баса назар аударды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
