| 21.09.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде дәріс оқыды
2018 жылғы 21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Баймолдина Зәуреш Хамитқызы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі магистранттарына «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің сайлау заңнамасына енгізілген жаңалықтар аясында дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.
Мемлекеттік қызметте айтарлықтай тәжірибесі бар тұлғаларды шақыруды қарастыратын қонақ дәріске "Цифрлық мемлекеттік басқару", "Мемлекеттік басқару", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" бағдарламалары бойынша оқитын мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Дәріс басында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамаларының заңдар жинағы талқыланды, атап айтқанда, сайлау жүйесінің пропорционалды негізінде жергілікті мемлекеттік өкілдік органдарының (мәслихаттардың) қалыптасуы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын одан әрі қамтамасыз ету, ІТ-технологияларды пайдалану негізінде сайлаушылар тізімдерін өзектілендіру және нақтылау, сондай-ақ жеке құқықтық нормалар мен сайлау процесі институттарын жетілдіру туралы.
Дәріс барысында және оның қорытындысы бойынша талқыланған тақырып бойынша қызықты пікір алмасу болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


