| 21.09.2018 |
|
ОСК Төрағасының орынбасары К.Петровтың Павлодар қаласына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 21 қыркүйекте Павлодар облысының әкімдігінде бейне-конференц байланыс режимінде ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен "сайлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын іске асыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті:
- ҚР ОСК төрағасының орынбасары Петров Константин Викторович,
- Ысқақов Дәурен Тлеукенұлы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
- Қосмұратов Ерлан Сарыбекұлы Орталық сайлау комиссиясының "ақпараттық-техникалық орталық" РМК директоры,
- Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесін ұйымдастыру бөліміндегі меңгерушісінің орынбасары Захарова Ольга Олеговна.
Семинар жұмысына мәслихат хатшылары, қала және аудан әкімдері аппараттарының басшылары, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру бөлімдерінің басшылары қатысты.
Семинар-кеңес барысында сайлаушылар тізімін жасау тәжірибесі, заңнама өзгерістерінен туындайтын сайлау коммиссияларының өкілеттігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және электоралды оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі функциялары талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


