| 21.08.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі
2008 жылғы 21 тамыз күні Орталық сайлау комиссиясының шығып қалғанның орнына Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындаған, Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы қаулы қабылдаған отырысы болып өтті.
Сайлау заңнамасына сәйкес, Парламент Сенатының депутаттығына кандидатқа сайлауалды үгіт жүргізу үшін, сондай-ақ көлік шығындарына республикалық бюджеттен 250145 теңге қаржы бөлінетін болады, бұл 2005 жылғыдан 37,7% артық.
Оның ішінде:
• теледидардан 15 минут сөз сөйлеуге – 78 000 т.
• радиодан 10 минут сөз сөйлеуге – 26 965 т.
• баспа беттерінде көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялауға - 75 180 т.
• сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге – 15 000 т.
• үгіт материалдарын шығаруға – 20 000 т.
• көлік шығындарына -35 000 т.
Дәстүрлі брифинг барысында Ортсайлауком Төрағасы Сенат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмысының кандидаттар құратын сайлау қоры қаражаты есебінен де қаржыландырыла алатынын атап өтті. Бұл қор жалпы сомасы 2 405 000 теңгеден айпайтын депутаттыққа кандидаттың жеке қаражатынан және жалпы сомасы 6 012 500 теңгеден аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жеке қайырмалдықтарынан қалыптасады.
Сөйтіп, кандидаттың сайлау қорында ең көп дегенде 8 417 500 теңге қаржы болуы мүмкін.
Сондай-ақ Ортсайлауком Төрағасы журналистерді Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу барысы жайында хабардар етті.
20 тамыз күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 63 кандидат ұсынылған.
Соның ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 2 адам;
Ақтөбе облысы бойынша – 6 адам;
Алматы облысы бойынша – 2 адам;
Атырау облысы бойынша – 4 адам;
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 2 адам;
Жамбыл облысы бойынша – 5 адам;
Қарағанды облысы бойынша – 6 адам;
Қостанай облысы бойынша – 2 адам;
Қызылорда облысы бойынша – 3 адам;
Маңғыстау облысы бойынша – 5 адам;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 10 адам;
Павлодар облысы бойынша – 2 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 адам;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 2 адам;
Алматы қаласы бойынша – 7 адам;
Астана қаласы бойынша – 1 адам.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 14 адамды мәслихаттар ұсынған, 49 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Үміткерлердің алтауы әйел.
Ұсынылған 7 кандидат - Сенаттың қазіргі депутаттары болып табылады. Кандидаттардың ішінде «Нұр Отан» партиясының мүшелері - 21, «Ақ Жол» партиясынан – 1, қоғамдық бірлестіктерден – 1 үміткер, партияда жоқтар - 25, ал 15 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Бүгінгі күні Сенат депутаттығына 4 кандидат тіркелген.
Кандидаттарды ұсыну басталғалы бері 3 адам өз кандидатурасын алып тастады.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты өтіп жатыр. Сайлау заңнамасының бұзылу фактілері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына түскен өтініштер мен шағымдар жоқ.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
