| 14.09.2018 |
|
2018 жылғы 12-14 қыркүйекте ҚР ОСК мүшесі З.Баймолдинаның Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары болды
2018 жылғы 12-14 қыркүйекте ҚР ОСК мүшесі З. Баймолдинаның Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары болды. Жұмыс сапары шеңберінде ТМД ПАА ДДМХИ басшылығымен кездесу, Ленинград облысының сайлау комиссиясының жұмысымен танысу, сондай-ақ Халықаралық демократия күніне арналған конференцияға қатысу болды.
2018 жылғы 13 қыркүйекте ҚР ОСК мүшесі З.Баймолдина ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблея кеңесі хатшылығы жетекшісінің орынбасары, ТМД ПАА қатысушы елдері Азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау және демократия мен парламентаризмді дамытуды бақылау бойынша халықаралық институт (ДДМХИ) директоры Д. Гладеймен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ТМД ПАА ДДМХИ жұмысының негізгі бағыттары, 2019 жылы ТМД ПАА ДДМХИ жұмыс жоспары, 2019 жылы ҚР ОСК және ТМД ПАА ДДМХИ одан әрі ынтықмақтастығы талқыланды.
Күннің екінші жартысында З.Баймолдинаның Ленинград облысы сайлау комиссиясының төрағасы М.Е. Лебединскиймен кездесуі өтті.
Ленинград облысы сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединский Ресей Федерациясындағы сайлау комиссияларының жүйесін қысқаша сипаттады, Ленинград облысы сайлау комиссиясының, осы облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен, сондай-ақ оларды қалыптастыру принциптерімен, Ресей Федерациясы сайлау заңнамасының негізгі өзгерістерімен, соның ішінде «Мобильді сайлаушы» жүйесімен таныстырды. Кездесу барысында аумақтық сайлау комиссияларын құру және оларды қаржыландыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
З.Баймолдина М.Лебединскийге өткізілген кездесу және сайлау процесінің саласында оң тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
2018 жылғы 14 қыркүйекте Таврия сарайында Халықаралық демократия күніне арналған конференция өтті. «ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттерде демократияның іргелі принциптері: әмбебап немесе бірегей?» тақырыбындағы конференция ғылыми пікірталас форматында өтті. Іс-шараны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Хатшылығы ұйымдастырды.
Іс-шараға Санкт-Петербург пен Ленинград облыстарындағы жоғары оқу орындарының төрт командасы қатысты. ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы – мемлекеттердегі демократияның іргелі принциптерін қолдануға қатысты, сондай-ақ егемендік, азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік билік органдарының сайлануы және қоғамдық өмірдің жариялығы принциптеріне қатысты мәселелер талқылауға ұсынылды.
Санкт-Петербург қаласының ғылыми қоғамдастық өкілдері мен сарапшыларынан тұратын қазылар алқасы әрбір сөз сөйлеуге баға берді және пікірталас соңында женімпаз команданы жариялады.
Пікріталастың ғылыми жетекшілері Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының судьясы Владимир Ярославцев пен Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызметтің Ресей академиясы Солтүстік-Батыс басқару институты заң факультетінің деканы Сергей Цыпляев болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



