| 27.06.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Елші, ЕҚЫҰ жанындағы Греция делегациясының басшысы Мара Маринаки бастаған Грецияның Сыртқы істер министрлігі делегациясымен кездесу болып өтті
2008 жылғы 27 маусым күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Елші, ЕҚЫҰ жанындағы Греция делегациясының басшысы Мара Маринаки бастаған Грецияның Сыртқы істер министрлігі делегациясымен кездесу болып өтті. Сондай-ақ, кездесуге Елші, Мақсатты топ басшысының орынбасары Луис-Алкивиадис Абатис, кеңесші Александрос Димитракопулос, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Орталығы Басшысының орынбасары Жаннет Клетцер қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасы мен сайлау процесін жалпы мойындалған демократиялық қағидаттар мен стандарттар негізінде одан әрі жетілдіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасылды.
Сондай-ақ, Мара Маринаки ханым грекиялық және қазақстандық сарапшылардың электоралдық шараларды ұйымдастыру мен өткізу, сайлаулардың заңнамалық базасын жетілдіру сұрақтары бойынша тәжірибе алмасуына жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы өз тарапынан, Қазақстан мен Греция ЕҚЫҰ Үштігінде 2009 және 2010 жылдары бірлесіп жұмыс істейтіндіктен және ЕҚЫҰ Төрағалығына Қазақстан Грециядан кейін ие болатындықтан, Қазақстан мен Греция арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесі әсіресе қазіргі күні өзекті екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
