| 14.09.2018 |
|
2018 жылғы 14 қыркүйекте ҚР ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов Шымкент қаласында өткен аймақтық семинар-тренингте дәріс оқыды
2018 жылғы 14 қыркүйекте Шымкент қаласында ҚР ОСК мүшесі Бахқыт Мелдешов Ортсайлаукомның ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен өзара іс-қимыл аясында «Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер аясында Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің дамуы» тақырыбында сөз сөйледі.
Дәріс қоғамда сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде сайлау процесіне барлық қатысушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді.
Электораттық оқытудың түрлі нысандары Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Академияның Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» атты бірыңғай тақырыптағы аймақтық семинар-тренингтер топтамасының бағдарламасына енгізілді.
Дәрістік әңгіме барысында сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері, сонымен қатар 2018 жылғы 29 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына мәслихаттар депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесін, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау және т.б. енгізу арқылы сайлау процесін одан әрі жаңғырту бөлігінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Дәріске этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, ішкі саясат, жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өңірлердегі ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, «Қоғамдық келісім» өңірлік мекемелерінің мамандары, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Шымкент қалаларының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Семинар соңында пікір алмасу өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
