| 06.09.2018 |
|
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайланды
2018 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Ихданов Ақылбек Жамелович Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды.
А.Ихданов1964 жылдың 1 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келген.
1985 жылы Алма-Ата халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігінің абаттандыру және коммуналдық кәсіпорындар басқармасының экономисі ретінде бастады.
1987 - 1988 жж. – Алма-Ата ауыр машина жасау зауытының ұсталық-баспақтау цехының нормалаушы-инженері.
1988 - 1990 жж. – Қазақ КСР Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитетінің еңбек және өндірісті басқаруды ғылыми ұйымдастырудың республикалық салааралық орталығының экономисі, 2-санаттағы экономисі.
1990 - 1991 жж. – КСРО-ның Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитеті Еңбек ғылыми-зерттеу институтының қазақ филиалының кіші ғылыми қызметкері.
1991 -1992 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Бас жиынтық-экономикалық басқармасының бас экономисі.
1992 - 1996 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Бас жиынтық-экономикалық басқармасы бастығының орынбасары – жиынтық бөлімінің бастығы.
1996 - 1998 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің сарапшысы, аға сарапшысы, сектор меңгерушісі.
1998 - 2004 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2004 - 2005 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадрлық саясат басқармасының Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2005 - 2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, мемлекеттік инспекторы.
2008 - 2009 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2009 - 2009 жж.- «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасарасының кеңесшісі.
2009 - 2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының ұйымдастыру-партиялық жұмысы департаментінің директоры.
2011 - 2014 жж. – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының фракциясы аппаратының басшысы.
2014 - 2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 - 2018 жж. – «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының басшысы.
Наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі (2007), мерейтойлық медальдар.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
