| 07.09.2018 |
|
ҚР ОСК хатшысы С. Мұстафина Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығы Бас Ассамблеясының отырысына және 27-шы жыл сайынғы конференциясына қатысты
2018 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Вильнюс қ. (Литва Республикасы) Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығы (ЕЕСҰҚ) Бас Ассамблеясының отырысы және «Сайлаушының құпиялылығын, қауіпсіздігін және адалдығын қамтамасыз ету» тақырыбында 27-шы жыл сайынғы конференциясы болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С. Мұстафина қатысты. Есепті кезең ішінде стратегиялық жоспардың орындалу нәтижелері қаралды, ЕЕСҰҚ Жарғысына түзетулер, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары, 2019-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспар талқыланды, 2019 жылы келесі конференцияны өткізу орны туралы шешім қабылданды.
Конференция барысында сайлаушылар туралы ақпараттарды қорғау және сайлауда қолданылатын барлық сандық деректер, киберқауіпсіздік жағынан дауыс беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сайлаудың әділдігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, сайлауға деген қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған әр түрлі елдердегі стандарттар мен озық тәжірибелері зерделенді.
Анықтама үшін:
Еуропа елдерінің сайлауларын ұйымдастырушылар қауымдастығы (ЕЕСҰҚ) 1991 жылы құрылды. 25 қатысушы-мемлекет ЕЕСҰҚ-ға мүше болып табылады. Қазақстан Республикасы ЕЕСҰҚ-тың институционалдық мүшесі.
Қауымдастықтың мақсаты ашық және жария сайлауды қамтамасыз ету мүддесінде талқылау және шешімдер қабылдау үшін Қауымдастық қызметі өңірінің шегінде сайлау ұйымдастырушылар мен сарапшылар арасында ақпарат алмасу үшін кез келген ұлттық басшылықтан бейтарап және тәуелсіз форумдарды өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
